Олег Витковскийдің балаларға арналған хикаяларының мәні өте тартымды, бірақ айдан анық артықшылықтарын толығырақ қарастырып көрейікші:
- Бұл қызықты оқиға мен оқыту материалдары қосылған бірегей шығарма.
- Бұл оқырман балалар аудиториясына бағытталған таза ақпарат.
- Бір әңгімеден гөрі кітаптар топтамасы артығырақ, өйткені көңіліңізден шыққан кейіпкерлермен ұзақ уақыт бойы бірге болып, қоштаспайсыздар.
- Кітаптар тек кішкентай оқырмандарға ғана емес, олардың ата-аналарына да қызықты болады! Бұл балаларға арналған жай ғана көңілді оқиғалар емес, бұл әлем туралы, адамдар туралы, өмір туралы терең білімнің қайнар көзі. Оқып шығыңыз да, өзіңіз тексеріп көріңіз!
Бір орында отыра алмайтын ағалы-інілі Ваня мен Денис туралы кітаптар тпотамасы балалар санасының шекарасын кеңейтеді, біздің әлем шын мәнінде қалай құралғанын, өмірде бізге қандай рөл дайындалғанын, мұны өзгерту үшін және өз ағзаңның бағасыз сыйларын босқа ысырап қылып, әр күнді бос өткізбеу үшін не істеу керектігін айтады. Күрделі білімдер балаларға да түсінікті қарапайым тілмен ұсынылған. Олег Витковский әлемді "жаман" мен "жақсыға" бөлмейді, жай ғана ақиқаттың сырын аша отырып, жас оқырмандарға өздері ұйғарым жасауға мүмкіндік береді. Бұл әдебиетте бастысы, оның тек балаларға ғана емес, эзотериканы танымы жолының жаңа бастап отырған ересек оқырмандарға да қызықты болуы.
Достар!
Бүкіл әлемді карантинге жібергені баршаға мәлім. Адамдарға қажет болмаса, үйден шықпауға кеңес беруде. Бұл деген, балалармен бірге ойын алаңында, спорттық және мәдени шараларға баруға арналған кештерді енді үйде өткізу керек дегенді білдіреді. Бұл уақытты неге пайдалы өткізбеске? Балаларға карантиннің аяқталуын күтуге көмектесіп қана қоймай, одан орасан бірегей біліммен шығу үшін, кейбір арқылы материалдарды тегін беруге шешім қабылдадым. Бұл жерде менің "Мысық Котолаздың сиқыршылар мектебі. Бірінші кітап. Жазғы демалыс" кітабыма тегін қол жеткізу ашылған.
ТЕГІН жүктеп алыңыз және достарыңызбен, таныстарыңызбен бөлісіңіз. Сіздердің лайк және репосттарыңыз үшін алғыс айтамын!
Біздің кітаптар
Автор туралы
Өзімді таныстыруға рұқсат етіңіздер: менің аты-жөнім Олег Витковский. Мен 4 баланың әкесімін, салауатты өмір салтын қолдаушы, ойлаушы және ақиқатты іздеушімін. Күн сайын жұмысым көп болуына қарамастан, өз отбасым үшін әрдайым уақыт табуға тырысамын. Even though I am head over heels at work every day, I try to always find time for my family.
Менің балаларым да, Сіздің балдарыңыз сияқты, жауап беру мүлдем оңай емес: “Папа, өмір деген не және ол не үшін берілген?», «біздің әрқайыссымыз мына өмірге неге келдік?», «өзіңді қалай жетілдіруге болады?» және басқа да көптеген сұрақтар қояды. Балаларға түсініксіз терминдерге толы, құрғақ ересек теорияны айтып беру, әрине мәнсіз әрекет. Дәл сол кезде балаларға маңызды және пайдалы ақпаратты оларға қызықты, көңілді және ұғымды етіп айтуға ой келді. Ал балаларымызды жақсылыққа тәрбиелеу өздеріне ұқсас кейіпкерлер туралы көңілді әңгімелер арқылы жасаудан артық және оңай не бар?!
Менің кітаптарымның басты кейіпкерлері – менің балаларым Иван мен Денис және сиқыршы мысық Котолаз. Кітаптың кейіпкерлері түрлі шытырман оқиғаларға тап болады, ал Котолаз оларға оқиғаның мәнін анықтап, ең үздік және лайықты шешім табуға көмектеседі, балаларды қамқоршыл, жомарт, адамгершіл болуға үйретеді.
Біздің балаларымыз – біздің болашағымыз. Саналы және лайықты адам етіп тәрбиелейік, сонда болашақ та бақытты және жарқын болады.
Егер Сіздің қандай да болсын сұрақтарыңыз немесе тілектеріңіз болса, өтінемін magic.kotolaz@gmail.com - электрондық поштама жазыңыз, Сіздердің хаттарыңызға қуана жауап беремін! magic.kotolaz@gmail.com – I will be glad to answer your letters!